Жылға шолу (жылы)

Image

Жылға шолу (жылы)

Бүгінгі таңда «Aqtobe su-energy group» АҚ жалпы ұзындығы 268,9 шақырымды құрайтын магистральдық және тарату жылу желілерінің, 27 қазандықтың және 6 сорғы станциясының сенімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп отыр.

2025 жылы кәсіпорын тарапынан 50 нысанда жалпы ұзындығы 6,2 шақырымнан астам жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, 5 нысан мердігер ұйымдардың күшімен (3,232 шақырым), ал 45 нысан мекеме қызметкерлерінің өз күшімен (2,968 шақырым) жаңғыртылды.

Қазіргі уақытта кәсіпорын 98 276 тұтынушыны жылумен қамтамасыз етуде. 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазандықтар мен сорғы станцияларының барлық жабдықтары белгіленген техникалық талаптарға сай тұрақты жұмыс істеуде, бұл тұрғындарға сапалы әрі сенімді жылу жеткізуге мүмкіндік беріп отыр.

Бөлісу: