Жылдық шолу (Су)
Бүгінгі таңда «Aqtobe su-energy group» АҚ жалпы ұзындығы 1 243,5 шақырымды құрайтын су құбыры желілерінің және 35 су алу көзінің тұрақты әрі сенімді жұмысын қамтамасыз етіп отыр. Компания қызметі қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен үздіксіз қамтуға бағытталған.
2025 жылы кәсіпорын тарапынан 19 нысанда жалпы ұзындығы 16,740 шақырым болатын су құбыры желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 6 нысан мердігер ұйымдардың күшімен (6,806 шақырым), ал 13 нысан мекеме қызметкерлерінің өз күшімен (9,934 шақырым) жаңартылды. Бұл жұмыстар инфрақұрылымның тозуын азайтып, желілердің сенімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, бекітілген кестеге сәйкес су алу құрылыстарында санитарлық-профилактикалық шаралар атқарылды. Атап айтқанда, 84 бірлік таза су резервуарына жуу және дезинфекция жүргізіліп, 1 068,3 шақырым су құбыры желісі жуу және хлорлау жұмыстарымен қамтылды.
Аталған іс-шаралар тұрғындарды қауіпсіз әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.