Тұтынушылардың назарына
«Aqtobe su-energy group» АҚ тұтынылған коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді уақтылы жүзеге асырудың маңыздылығын ескертеді.
Бүгінгі таңда 29 000-нан астам абоненттің мекемеге берешегі бар. Осыған байланысты 2025 жылдың басынан бастап кәсіпорын дебиторлық берешекті өндіріп алу шараларын іске асыруда:
• 300-ден астам тұтынушы қызметтерден ажыратылды;
• 2269 борышкердің банк шоттары бұғатталды;
• 500-ге жуық адамның елден шығуына шектеу қойылды.
Барлық ажырату жағдайлары бейнетаспаға жазылып отырады. Мамандар пәтерге кіре алмаған жағдайда да судың берілуі сырттан тоқтатылады. Борышкерлер туралы ақпарат Мемлекеттік несие бюросына жолданады.
«Aqtobe su-energy group» АҚ қаржылық жағдайының қиындығын құжат жүзінде растаған азаматтардың әрбір өтінішін жеке тәртіппен қарастыратынын хабарлайды. Біз диалогқа ашықпыз және коммуналдық қызметтердің мәжбүрлі тоқтатылуына немесе заңды шаралар қолданылғанға дейін қарызды ерікті түрде өтеуге шақырамыз.
Түсіністік пен ынтымақтастықтарыңыз үшін алғыс білдіреміз.