Үйде суды қалай үнемдеуге болады

Image

Үйде суды қалай үнемдеуге болады

Үйде суды қалай үнемдеуге болады: қарапайым әрекеттер – үлкен нәтиже

Су – жай ғана тұрмыстық ресурс емес, тіршіліктің негізі. Дегенмен күнделікті өмірде біз оның қаншалықты ысырап болатынын байқамай қаламыз. Мысалы, тамшылап тұрған кран тәулігіне шамамен 200 литр суды жоғалтады. Бұл – айына 6000 литр, жылына 72 000 литр су деген сөз. Мұндай шығынды болдырмау үшін кранның тығыздағыштары мен клапандарын дер кезінде тексеріп, алғашқы тамшы естілген сәтте-ақ ақауды жөндеу қажет. 200 литр су – бұл екі толық ванна, 133 шәйнек немесе бір жарым күн жұмыс істейтін кір жуғыш машина көлеміндегі су.

Судың көп шығыны душ қабылдау кезінде де байқалады: қарапайым душ басы (лейка) минутына 9 литр су өткізеді. Ал eco функциясы бар душ басын қолдану судың ағынын төмендетіп, напорды сақтайды. Сонымен қатар, сабындау немесе шашты жуу кезінде суды уақытша өшіру арқылы бір қабылдаудағы судың 40%-на дейін үнемдеуге болады. Осындай қарапайым дағдылар табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануға үлкен үлес қосады.

Үнемнің тағы бір маңызды бағыты – тісті ашық кранмен тазалау. Бар болғаны 2 минут ішінде 12 литр су ағып кетеді, ал күні бойы қалыптасқан әдет бойынша 30–40 литр су босқа рәсуа болады. Мұны болдырмау үшін тіс тазалау немесе қырыну кезінде суды жауып қою жеткілікті. Сондай-ақ кранға аэратор орнату ұсынылады – ол судың шығынын 50%-ға дейін азайтып, қалыпты қысымды сақтайды. Осындай қолжетімді әрекеттер әр отбасының су ресурстарын сақтауға қосқан нақты үлесі болмақ.

Бөлісу: