09.04.2025
Инженерлік желілерді күрделі жөндеу
«Aqtobe su-energy group» АҚ Ақтөбе қаласындағы инженерлік желілерге күрделі жөндеу жұмыстарын өз күштерімен жалғастыруда. Жұмыстардың негізгі мақсаты – тозуды азайту және су құбыры жүйесінің сенімділігін арттыру.
Бүгін Жеңіс даңғылы, 22 мекенжайында ұзындығы 50 метр, диаметрі 50 мм полиэтилен құбырын ауыстыру жұмыстары аяқталуға жақын. Су беру тоқтатылмай, жұмыстар жоспарға сай жүргізілуде. Жөндеу аяқталғаннан кейін су жаңа желі арқылы беріледі, бұл су жүйесінің тұрақты әрі тиімді жұмысын қамтамасыз етеді. Жер қазу жұмыстары аяқталған соң аумақ толық ретке келтіріледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс айтамыз!