19.04.2025
Инженерлік желілерді күрделі жөндеу
«Aqtobe su-energy group» АҚ мамандары Ақтөбе қаласындағы инженерлік желілерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Қазіргі уақытта И.Тайманов көшесінде (Ақтан батырдан Д.Хазіретке дейін) ұзындығы 1000 метр, диаметрі 160 мм болатын шойын су құбыры полиэтилен құбырына ауыстырылуда. Жұмыстар кәсіпорынның өз күшімен жүргізілуде және ауызсу беру шектелмейді, бұл тұрғындарға қолайсыздықты азайтуға мүмкіндік береді.
Жөндеу аяқталғаннан кейін су жаңа желіге қосылып, сумен жабдықтау сапасы мен тұрақтылығы артады. Жұмыстар аяқталған соң аумақ толық қалпына келтіріледі.