Жылу желілерін күрделі жөндеу

Image

Жылу желілерін күрделі жөндеу

“Aqtobe su-energy group” АҚ Әйтеке би және Алтынсарин көшелері ауданындағы тұрғын үйлердің жылумен жабдықтау сапасын арттыру және тозуын азайту мақсатында жылумен жабдықтау желілерін күрделі жөндеуді жалғастыруда.

Тарифте көзделген қаражат есебінен қаржыландырылатын күрделі жөндеу шеңберінде құбырдың диаметрін 219 мм-ден 325 мм-ге дейін ұлғайта отырып, жылу желісінің учаскесін ауыстыру жүргізілуде.

Кәсіпорынның өз күшімен атқарған жұмыстары 13 тамызда басталып, шамамен 23 тамызда аяқталады. Жылу желісі учаскесінің жалпы ұзындығы 162 метр, диаметрі — 325 мм, оның бір бөлігі Алтынсарин көшесі бойынша автомобиль жолының астынан өтеді. Қазіргі уақытта 130 метрлік жылу желісі ауыстырылды, оның 60 метрі — жер үсті бөлігі және 70 метрі — жерасты.

Жер жұмыстары аяқталғаннан кейін аумақты абаттандыру толығымен қалпына келтіріледі.

Бөлісу: