Жылу желілерін күрделі жөндеу

Image

Жылу желілерін күрделі жөндеу

Тұрғын үйлерді сапалы жылумен қамту және жылу жүйелерінің тозуын төмендету мақсатында Авиақалашық ауданындағы 19-үй мекенжайында «Aqtobe su-energy group» АҚ тарапынан жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Тарифтік қаражат есебінен жүзеге асырылып жатқан жұмыстар аясында ұзындығы 112 метр жылу желісі жаңартылып, құбыр диаметрі 219 мм-ге дейін ұлғайтылуда.

Жөндеу жұмыстары кәсіпорын мамандарының күшімен жүргізілуде. Ыстық су мен жылу беру шектелмейді. Жер қазу жұмыстары аяқталған соң абаттандыру жұмыстары толық қалпына келтіріледі.

Бөлісу: