Жылу желілерін күрделі жөндеу

Image

Жылу желілерін күрделі жөндеу

Қысқы кезеңде жылумен қамтудың сенімділігі мен сапасын арттыру мақсатында АО «Aqtobe Su-Energy Group» Жағалау көшесі, 84 мекенжайы бойынша жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстарын бастады. Аталған жұмыстар тариф аясында қарастырылған қаражат есебінен жүргізіліп, ұзындығы 120 метр болатын құбыр учаскесі 325 мм дейін ұлғайтылып, толықтай ауыстырылады.

Жөндеу жұмыстары кәсіпорынның өз күшімен 2025 жылғы 19 мамыр мен 16 маусым аралығында екі кезеңмен жүзеге асырылады. Осыған байланысты уақытша ыстық су беру тоқтатылады:

1-кезең – 21–29 мамыр аралығында Жағалау 82, 83, 84 үйлерінде;
2-кезең – 8–13 маусым аралығында Жағалау 79, 79а, 79б, 80, 81, 82, 83, 84, 84а, 85, 86, 87 үйлері мен «Гүлдаурен» балабақшасында.

Жер қазу жұмыстары аяқталған соң, абаттандыру толығымен қалпына келтіріледі. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Бұл жұмыстар сіздердің жайлылықтарыңыз бен алдағы жылыту маусымында үздіксіз жылу берілуі үшін жүргізілуде.

Бөлісу: