Жылу желілерін күрделі жөндеу

Image

Жылу желілерін күрделі жөндеу

Қысқы маусымда жылумен қамтудың сенімділігі мен сапасын арттыру мақсатында «Aqtobe su-energy group» АҚ Жағалау көшесі, 79 мекенжайы бойынша жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстарын бастады. Жөндеу жұмыстары тарифтік қаражат есебінен жүзеге асырылып, ұзындығы 120 метрді құрайтын құбыр учаскесі толықтай жаңартылып, диаметрі 325 мм-ге дейін кеңейтіледі.

Жұмыстар кәсіпорынның өз күшімен атқарылып жатыр. Осыған байланысты 2025 жылғы 29 мамыр мен 8 маусым аралығында Жағалау көшесіндегі №79, 79а, 79б, 80, 81, 82, 83, 84, 84а, 85, 86, 87 үйлер мен «Гүлдаурен» балабақшасына уақытша ыстық су беру тоқтатылады.

Жер қазу жұмыстары аяқталған соң, абаттандыру жұмыстары толық көлемде қалпына келтіріледі. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Бұл жұмыстар алдағы жылыту маусымында үздіксіз және сапалы жылумен қамтамасыз ету үшін атқарылып отыр.

Бөлісу: