17.07.2025
Су құбырын күрделі жөндеу
Инвестициялық бағдарлама аясында су құбырына күрделі жөндеу жүргізілуде
Инженерлік желілердің тозуын азайту мақсатында «Aqtobe su-energy group» АҚ инвестициялық бағдарламасы аясында «Песчанка» бастоғанынан «Нұр-Ақтөбе» (2-көтерілім) бастоғанына дейінгі диаметрі 200 мм болатын су құбырына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жөндеуден өтетін желінің жалпы ұзындығы 4 000 метрді құрайды. Барлық құрылыс-монтаж жұмыстары кәсіпорынның өз күшімен, қолданыстағы құрылыс нормалары мен технологиялық талаптарға сәйкес орындалуда.
Аталған жоба қала тұрғындарын сапалы және тұрақты ауыз сумен қамту жүйесінің сенімділігін арттыруға бағытталған.