Ағ.Жұбановтар көшесі бойында – су құбыры желісінің күрделі жөндеуі жалғасуда.

Image

Ағ.Жұбановтар көшесі бойында – су құбыры желісінің күрделі жөндеуі жалғасуда.

Инженерлік желілердің тозуын төмендету және су беру сенімділігін арттыру мақсатында «Aqtobe su-energy group» АҚ инвестициялық бағдарлама аясында жоспарлы жұмыстарды өз күшімен жалғастыруда.

Атап айтқанда, Көпсалалы облыстық аурухана арқылы өтетін Ағ.Жұбановтар көшесінің бойында, Макаренко көшесінен бастап Маресьев көшесіне дейінгі аралықта диаметрі 160 мм болатын су құбырына күрделі жөндеу жүргізілуде. Жөнделетін желінің жалпы ұзындығы 1000 метрден асады.

Жұмыс жүргізу барысында су беру шектелмейді. Құбыр ауыстырылған соң, ескі желіден жаңа жүйеге ауысу жүзеге асырылады. Барлық іс-шаралар қалалықтардың сапалы коммуналдық қызметке қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бөлісу: