KASIPODAQ RUN 2025 — КЕЛЕШЕККЕ БІРГЕ ЖҮГІРЕМІЗ!

Image

KASIPODAQ RUN 2025 — КЕЛЕШЕККЕ БІРГЕ ЖҮГІРЕМІЗ!

Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығының ұйымдастыруымен, Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы мен ҚР Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына орай өткен «KASIPODAQ RUN 2025»марафонына «Aqtobe su-energy group» АҚ кәсіподақ мүшелері белсене қатысты.

Жүгіру барысында қатысушылар бірліктің, сергектіктің және салауатты өмір салтының үлгісін көрсетті. Марафон соңында барша қатысушыларға арнайы медальдар табысталды. Сонымен қатар қаржылай сертификаттар, сөмкелер және санаторийге жолдамалар ойнатылды.

Бұл шара еңбек адамын қолдаудың, ұжымдық рухты нығайтудың және келешекке бірге қадам басудың айқын көрінісіне айналды. Барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлағаны үшін алғыс айтамыз!

Бөлісу: