16.10.2025
Сумен жабдықтау коммуникацияларын жаңғырту бойынша шаралар кешені
«Aqtobe su-energy group» АҚ инженерлік желілердің тозу деңгейін төмендету бағдарламасы аясында өз күшімен су құбыры желілерін жаңарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде.
Герцен көшесі, 24 мекенжайы бойынша бұрын мекеме балансына кірмеген апатты жағдайдағы су құбыры учаскесін алмастыру жұмыстары толық аяқталды.
 Жұмыс барысында диаметрі 63 мм, ұзындығы 100 метр жаңа полиэтилен құбыры төселді.
Қазіргі уақытта жөндеу жүргізілген аумақта абаттандыру жұмыстары атқарылуда.

