Алдағы жылыту маусымына дайындық шараларының кешені

Image

Алдағы жылыту маусымына дайындық шараларының кешені

«Aqtobe su-energy group» АҚ алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жалғастыруда. Жоспарға сәйкес жылу желілерін жөндеу мен жаңғырту, жабдықтарды сынақтан өткізу, қазандықтар мен жылу желілерінің жағдайын тексеру шаралары жүргізілуде. Ерекше көңіл жүйелердің сенімділігін арттыруға және қыс мезгілінде апатты жағдайлардың алдын алуға бөлінуде.

Жылыту маусымына дайындық жұмыстары қала тұрғындарын тұрақты әрі үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге бағытталған.
Кәсіпорын қызметкерлері барлық қажетті іс-шараларды уақтылы аяқтау үшін күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде. Бұл – тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылуды сенімді әрі қауіпсіз жеткізуге мүмкіндік береді.

Бөлісу: