Қаланың инфрақұрылымын кешенді жаңғырту

Image

Қаланың инфрақұрылымын кешенді жаңғырту

«Aqtobe su-energy group» АҚ қаладағы инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда. 2025 жылы жылумен қамту саласы бойынша жалпы ұзындығы 5500 метр болатын 40 учаскеде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жаңғырту жұмыстары Ә.Молдағұлова, Сәңкібай батыр, Бейбітшілік даңғылдарын, сондай-ақ Есет батыр, Тұрмағамбетов, Маресьев, Рыскұлов, Гришин, Макаренко және Ағ.Жұбановтар көшелерін қамтиды.

Бүгінде мекеме мамандарының өз күшімен Бейбітшілік даңғылы, 39а мекенжайы бойынша жылу трассасын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Жөнделіп жатқан желінің жалпы ұзындығы шамамен 100 метрді құрайды. Аталған желі аурухана мен емхана секілді әлеуметтік маңызды нысандарды жылумен қамтитындықтан, жұмыстар ыстық су беруді тоқтатпай жүргізілуде.

Мекеме маманданы тұрғындарға қолайсыздық тудырмауға барынша мән бере отырып, сапалы және сенімді жылу желілерін қалыптастыруға күш салуда. Бұл – қаламыздағы жайлы өмір мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.

Бөлісу: