Берешек пен ауызсуды тиімді пайдалану бойынша тексерулер жалғасуда

Image

Берешек пен ауызсуды тиімді пайдалану бойынша тексерулер жалғасуда

«Aqtobe su-energy group» АҚ қызметкерлері жеке сот орындаушыларымен бірлесе отырып, тұтынушылардан дебиторлық берешекті өндіру бойынша рейдтік іс-шараларды жалғастыруда. Борышкерлердің атына тіркелген автокөліктерді анықтау үшін «Автоураган» жүйесі қолданылады. Заң аясында банк шоттарына тыйым салу, елден шығуға шектеу қою сияқты шаралар қабылдануда.

Сонымен қатар, қала бойынша ауызсуды ұтымды пайдалану мақсатында ауқымды тексерулер жүргізілуде.

Құрметті тұтынушылар! Коммуналдық қызметтердің үздіксіз көрсетілуі — сіздердің уақтылы төлем жасауларыңызға тікелей байланысты. Егер қаржылық қиындықтар туындаса, тиісті құжаттарды ұсына отырып, әр өтініш жеке тәртіпте қаралатынын ескертеміз.

Бөлісу: