«Альджан» қазандығы — тұрғындардың үйіне жылу жеткізіп отырған маңызды нысан.
Бұл қазандықтың тәулік бойы тоқтаусыз, тұрақты әрі қауіпсіз жұмыс істеуі ең алдымен өз ісіне адал мамандарға байланысты.
Осы мамандардың қатарында — Битимбаев Мереке Раисович пен Саукаева Агима Мукашевна бар.
Көп жылдан бері бұл екі қызметкер иық тірестіре, бір мақсат үшін еңбек етіп келеді.
Мереке Раисович 2010 жылдан бері жылу желілерінің слесарі болып жұмыс істейді.
Ол құбырлардың жағдайын үнемі бақылап, ақауларды дер кезінде анықтап, жөндеу жұмыстарын тиянақты орындайды.
Ал Агима Мукашевна 2004 жылдан бері қазандық операторы қызметін атқарып келеді.
Қазандықтағы әрбір қондырғының жұмыс режимі, қысымы, температурасы — бәрі оның жіті бақылауында.
Екі маманның бірлігі, ынтымағы, бір-біріне деген қолдауы — «Альджан» қазандығының берік жүрегі, сенімді тірегі.
