«Батыс-2» қазандығы

Image

«Батыс-2» қазандығы

«Батыс-2» қазандығы 2010 жылдан бері табысты жұмыс атқарып келеді және 9 тұрғын үй мен 5 әлеуметтік нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Қазандықтың қалыпты жұмыс атқаруын қамтамасыз ету үшін арнайы оқытылған мамандар жұмыс атқарады.

«Батыс-2» қазандығында судың сілтілігі мен кермектігіне екі мәрте тексеру жүргізіледі. Зертханашылар су параметрлерінің қажетті стандарттарға сәйкес келуіне және жылу мен ыстық су жүйесіне қауіп төндірмейтініне көз жеткізу үшін осы өлшеулер мен талдауларды жүргізуге жауапты.

Сонымен қатар, қазандықта слесарь мен оператор жұмыс атқарады. Слесарь жабдыққа техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, тұрақты профилактика жұмыстарын жүзеге асырады, сондай-ақ мүмкін болатын бұзылыстар мен апаттарды жояды. Оператор жүйені басқаруға және оны тұрақты және тиімді жұмыс атқаруына жауапты.

Бұл мамандардың бірлесіп жасаған еңбегі мен күш-жігері “Батыс-2” қазандығының сенімді жұмыс атқарып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.

Бөлісу: