Жылумен қамту саласындағы ірі жобалар
«Aqtobe su-energy group» АҚ 2025 жылы жылумен қамту саласында бірқатар ауқымды жобаларды іске асыруда. Оның ішінде 17 жоба инвестициялық бағдарлама аясында жүзеге асып, шамамен 4 000 метр жылу желісі жаңартылады. Сонымен қатар, 1 500 метр желі кәсіпорынның өз күшімен ауыстырылады. Қазіргі таңда жылу желілерін қайта жаңғырту және қазандықтарды оңтайландыру бойынша жобалау-сметалық құжаттар да әзірленіп жатыр.
Аталған шаралардың басты мақсаты – инженерлік инфрақұрылымның тозуын азайту, жүйелердің сенімділігі мен тиімділігін арттыру. Жұмыс жүргізу кезінде ыстық сумен қамтуды уақытша шектеу жағдайлары болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар туралы тұтынушыларға алдын ала ресми парақшалар мен қолжетімді байланыс арналары арқылы хабарланатын болады.
Жұмыстар толық аяқталғаннан кейін абаттандыру элементтері кепілдік міндеттемелерге сәйкес қалпына келтіріледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.