Жылыту маусымына дайындық бойынша ауқымды жұмыстар

Image

Жылыту маусымына дайындық бойынша ауқымды жұмыстар

«Aqtobe su-energy group» АҚ 2024-2025 жж. жылыту маусымына дайындық аясында ауқымды жұмыстар жүргізді.

Қызмет көрсету көлемі:
- Жылу желілері: 262,6 км магистральді және тарату желілері.
- Қазандықтар: 27 бірлік.
- Сорғы станциялары: 6 бірлік.

Жылумен қамтамасыз ету:
- 1538 көппәтерлі тұрғын үй және 430 жеке тұрғын үй.
- 57 мектеп, 48 мектепке дейінгі және 28 мектептен тыс ұйым.
- 33 оқу орны және 33 медициналық мекеме.
- 212 заңды тұлға объектілері және 76 мемлекеттік мекеме.
- Барлығы 96 322 нысан.

Жөндеу науқаны аясында 4,5 км жылу желілері 100 учаскеде ауыстырылды.

Жылу желілеріне күрделі және ағымдағы жөндеу:
- 1,2 км жылу желілері ауыстырылды.
- 27 қазандық және 6 сорғы станциясына ағымдағы жөндеу жүргізілді.
- 31 топтық элеватор торабы тексеруден өтті.
- 9 000 дана бекітпе арматура ауыстырылып, тексерілді.
- Инвестициялық бағдарлама аясында 3045 метр құбыр жөндеуден өтті.

Біз тұрғындардың жайлылығын қамтамасыз ету және жылумен тұрақты жабдықтау үшін жұмысымызды жалғастырамыз.

Бөлісу: