Кең көлемдегі тазалық күні
Бүгін «Aqtobe su-energy group» АҚ барлық нысандарында бір уақытта кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Ұжым болып бірігіп, аумақтарды қоқыстан тазалап, қураған бұтақтарды жинадық. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, шамамен 300 қызметкер белсенділік танытып, ортақ іске өз үлесін қосты.
Мұндай шаралар ұжымдық рухты нығайтып қана қоймай, ұйымшылдықты арттырады. Ортақ еңбек арқылы ортақ жетістікке жетуге болатынын тағы да көрсеттік. Таза әрі көркейген қала — өз қолымыздағы жауапкершілік. «Таза Қазақстан – таза аймақ, таза болашақ!» ұстанымымен әрбір қадамымызды келер ұрпақ үшін жасалған игілікті іс деп білеміз.
Баршаңызды осындай сенбіліктерге атсалысуға шақырамыз! Әрбіріміздің тазалыққа қосқан үлесіміз — болашақ алдындағы аманат. Тазалық мәдениеті – өркениетті қоғамның айнасы, сондықтан ортақ іске бей-жай қарамайық. Барлығы өзімізден басталады!