Инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту
Инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстар аясында кәсіпорын мамандары Кірпішті көшесі, 16 мекенжайы бойынша кәріз желілеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
Жөндеу жұмыстары кәсіпорынның өз күшімен, горизонталды бағытталған бұрғылау (ГНБ) қондырғысының көмегімен жүзеге асырылып жатыр. Бұл әдіс жер бетін қазбай-ақ, жер астымен құбыр жүргізуге мүмкіндік береді, соның арқасында жол жабындысы бұзылмай, тұрғындарға келетін қолайсыздықтар барынша азаяды.
Жоба шеңберінде диаметрі 160 мм полиэтилен құбырдан тұратын апатты учаскені толық ауыстыру көзделген. Жөнделетін учаскенің жалпы ұзындығы – 300 метр.
Бұл жұмыс – коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға және су бұру жүйесінің тұрақты әрі сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді бағдарламаның бір бөлігі болып табылады.