06.08.2025
Қаланың инженерлік желілерін жаңғырту
«Aqtobe su-energy group» АҚ қаладағы инженерлік желілерді жаңғырту және тозу деңгейін төмендету бойынша бірқатар маңызды жобаларды іске асыруда.
Қазіргі таңда Есет батыр көшесі, 103/1 мекенжайында диаметрі 160 мм, ұзындығы 108 метр болатын апатты учаскені ауыстыру бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда жұмыстың 50%-ы орындалды.
Қалалық кәріз жүйесін қалпына келтіру заманауи технология – горизонталды бағытталған бұрғылау (ГНБ) әдісімен жүргізілуде. Бұл әдіс топырақты қазбай-ақ желіні ішінен жаңартуға мүмкіндік береді, тұрғындарға қолайсыздық тудырмайды және экологиялық әрі экономикалық жағынан тиімді саналады.