Қаланың инженерлік желілерін жаңғырту

Image

Қаланың инженерлік желілерін жаңғырту

«Aqtobe su-energy group» АҚ қаладағы инженерлік желілерді жаңғырту және тозу деңгейін төмендету бойынша бірқатар маңызды жобаларды іске асыруда.

Қазіргі таңда Есет батыр көшесі, 156 мекенжайында диаметрі 160 мм, ұзындығы 100 метр болатын апатты учаскені ауыстыру бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қалалық кәріз жүйесін қалпына келтіру заманауи технология – горизонталды бағытталған бұрғылау (ГНБ) әдісімен жүргізілуде. Бұл әдіс топырақты қазбай-ақ желіні ішінен жаңартуға мүмкіндік береді, тұрғындарға қолайсыздық тудырмайды және экологиялық әрі экономикалық жағынан тиімді саналады.

Бөлісу: