14.05.2025
И.Тайманов көшесінде су құбыры жаңартылуда
Ақтөбе қаласының И.Тайманов көшесінде (Ақтан батыр көшесінен Д.Хазіретке дейін) су құбырын жаңарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл учаскеде 2025 жылға жұмыстар жоспарланбаған болатын, алайда алдағы уақытта асфальт жабындысын ауыстыру көзделгендіктен, жаңа төселген жолды қайта бұзбау үшін су құбырын алдын ала ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Жоба аясында ескі шойын құбырдың орнына ұзындығы 1000 метр болатын заманауи полиэтилен құбырлар орнатылуда. Қазіргі таңда оның 600 метрі төселіп болды. Жұмыстар толық аяқталған соң, аумақ бұрынғы қалпына келтіріледі.