Жаңа бас инженер тағайындалды

Image

Жаңа бас инженер тағайындалды

2003 жылдан бері «Aqtobe su-energy group» акционерлік қоғамында еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман Данияр Азамат Қуанышұлы сумен жабдықтау және кәріз су бұру жөніндегі бас инженер болып тағайындалды. Ол өз еңбек жолын 2003 жылы су құбырлары желілерінің слесарь-жөндеушісі ретінде бастап, уақыт өте келе инженерлік-техникалық және басқарушылық салаларда түрлі жауапты қызметтерді атқарды. Су құбырлары желілерінің инженер-технологы, басшысының орынбасары, Қарғалы бөлімшесінің басшысы, сондай-ақ бас инженердің орынбасары лауазымдарында кәсіби шеберлігі мен ұйымдастырушылық қабілетін көрсетті.

Жаңа қызметке дейін ол «бас инженердің сумен жабдықтау жөніндегі орынбасары» және Қарғалы бөлімшесінің басшысы болып, желілердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету ісінде белсенділік танытты. Өз ісіне адал маман ретінде әрдайым жауапкершілік пен тиянақтылықты бірінші орынға қойып келеді.

Данияр Азамат Қуанышұлы — ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің шешімімен берілген «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының Құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері. Сонымен қатар ол бірнеше мәрте мекеме Бас директорының Алғыс хаттарымен марапатталған. Жаңа қызметіне сәттілік тілей отырып, инженерлік саланың дамуына қосатын үлесі арта беретініне сенім білдіреміз.

Бөлісу: