Рұқсатсыз қосылу

Image

Рұқсатсыз қосылу

«Aqtobe su-energy group» АҚ мамандары М.Оспанов көшесі, 54 мекенжайы бойынша қайта тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында киім дүкенінің біздің кәсіпорынмен және үй басқару ұйымымен келісусіз, қажетті рұқсат құжаттарынсыз, көлденең ажыратқыш желісіне заңсыз қосылғаны анықталды.

Тексеру нәтижесінде, желілердің бастапқы сызбасын қалпына келтіру және бұзушылықты 5 жұмыс күні ішінде жою туралы талаппен акт толтырылды.

«Aqtobe su-energy group» АҚ ескертеді: талаптарды орындамаған және заңсыз қосылуды жоймаған жағдайда, біз заң бұзушыларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тарту үшін уәкілетті органдарға жүгіну құқығын өзімізде қалдырамыз.

Инженерлік желілерге қосылу ережелері мен талаптарын сақтау — жылумен жабдықтау жүйесінің тұрақты әрі қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Бөлісу: