Егер үйде жылу және ыстық су болмаса қайда хабарласу қажет?

Image

Егер үйде жылу және ыстық су болмаса қайда хабарласу қажет?

Егер сіздің үйіңізде жылу немесе ыстық су болмаса, онда сіздің үйіңіздің жылу желілерінде жоспардан тыс немесе апаттық жөндеу жұмыстары жүргізілуі мүмкін.
Басқарушы компанияңыздан оның үй ішіндегі желілерде жұмыс жасап жатқандығын тексеріп біліңіз. Егер сіздің үйіңіз жылудан немесе ыстық судан ажыратылған болса, «Aqtobe su-energy group» АҚ жылумен жабдықтау бойынша апаттық-диспетчерлік қызметіне 740-444 телефоны бойынша қоңырау шалыңыз. Мамандар қоңырауды қабылдап, жұмысқа кірісіп, бұзушылықты тауып, жоюға кіріседі.

Ыстық су бар, ал үйде жылу жоқ болса.

ПИК, МИБ басқарушы компаниясына қоңырау шалыңыз. Үйге жылу тасымалдағыш арқылы жылумен жабдықтаушы ұйым тарапынан шектеулер жоқ болса, демек, тұрғын үйдің ішкі жабдықтарында қандай да бір ақаулар бар болуы мүмкін.

Үйде жылу бар, бірақ ыстық су жоқ болса.

Егер жылу болса, бірақ ыстық су болмаса, онда ПИК, МИБ басқарушы компаниясына хабарласыңыз. Үйге жылу тасымалдағыш арқылы жылумен жабдықтаушы ұйым тарапынан шектеулер жоқ болса, демек, тұрғын үйдің ішкі жабдықтарында қандай да бір ақаулар бар болуы мүмкін.

Үйде суық және ыстық су жоқ болса.

Үй желілеріне салқын және ыстық су желілері өткізілген. Біріншісі сумен жабдықтау, ол біздің мен пәтерлерге су жеткізеді. Екіншісі-жылумен жабдықтау, ол біздің үйге жылу береді. Әр жүйенің әрқайсысы дербес жұмыс жасайды, сондықтан үйде салқын да, ыстық та су болмаса, тұтынушылар «Aqtobe su-energy group» АҚ апаттық-диспетчерлік қызметіне телефон арқылы хабарласулары қажет: 740-444.

Көршілерде жылу бар, бірақ сіздің пәтеріңізде жоқ болса.

Егер көршілеріңізде жылу болса, бірақ сіздің пәтеріңізде жылу болмаса немесе бөлмелер бойынша жылудың таралуы біркелкі болмаса: бір бөлмеде бар, ал екіншісінде жоқ болған болса, ПИК, МИБ басқарушы компанияға қоңырау шалыңыз. Үйдің ішкі жүйесінің жұмысын және тікелей пәтеріңізді тексеруді сұраңыз. Мұның бәрі ауа кептелісінен болуы мүмкін. Басқарушы компанияның мамандары батареялардағы артық ауаны шығаруға және жылу тасымалдағыштың дұрыс айналымын реттеуге көмек беруі керек.

Бөлісу: