«Қыс-2025» өңірлік командалық-штабтық оқу-жаттығулары

Image

«Қыс-2025» өңірлік командалық-штабтық оқу-жаттығулары

2025 жылдың 6 қараша күні, «Ақтөбе су-энерджи групп» акционерлік қоғамына қарасты «Ақтөбе Сити» қазандығында — Төтенше жағдайлар департаменті, өрт сөндіру және жедел жәрдем қызметтерімен бірлесіп, облыстық «Қыс–2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде.

Оқу-жаттығудың мақсаты — қысқы кезеңде туындауы мүмкін төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету және өзара іс-қимыл дайындығын арттыру.

Оқу-жаттығу барысында қазандықтағы шартты жарылыс нәтижесінде жылумен жабдықтау тоқтатылды.
Қызметкерлер тұрғындарды эвакуациялау, оларды мектепте уақытша орналастыру бойынша іс-қимылдарды жедел пысықтады, сондай-ақ резервтік тетіктерді пайдалана отырып, жылу беруді қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізді.

Мұндай командалық оқу-жаттығулардың нәтижесінде ұйымның жедел әрекет ету қабілеттілігі артады. Бұл өз кезегінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Бөлісу: