Автопаркті жаңарту – жүйелі жұмыстың жаңа кезеңі

Image

Автопаркті жаңарту – жүйелі жұмыстың жаңа кезеңі

«Aqtobe su-energy group» АҚ автопаркі тағы да жаңартылды. Инвестициялық бағдарлама аясында кәсіпорын мамандарына 16 жаңа қызметтік автокөліктің кілттері табысталды. Бұл техника инженерлік желілердегі ақауларды тез анықтап, шұғыл әрекет етуге мүмкіндік береді.

Жаңа көліктердің сенімділігі мен жоғары өткізу қабілеті қала бойынша кез келген нысанға уақытылы жетуді қамтамасыз етеді. Газель мен JAC маркалы арнайы машиналар қажетті құралдармен жабдықталған.

Қызмет көрсету сапасын арттыру – біздің басты мақсатымыз. Автопарктің жаңаруы – тұрғындарға көрсетілетін қызметтің қолжетімді әрі жедел болуына бағытталған маңызды қадам.

Бөлісу: