Автопаркті жаңарту – жұмыс тиімділігін арттыру жолындағы маңызды қадам

Image

Автопаркті жаңарту – жұмыс тиімділігін арттыру жолындағы маңызды қадам

Бүгін «Aqtobe su-energy group» АҚ-да маңызды оқиға орын алды – инвестициялық бағдарлама аясында мамандарға 8 жаңа автокөліктің кілттері табысталды. Заманауи техника мамандардың жылдам қатынауы мен қала тұрғындарының өтініштеріне жедел әрекет етуін, сондай-ақ инженерлік желілердегі апаттық жағдайларды дер кезінде жоюын қамтамасыз етеді.

Автокөлік кілттерін «Aqtobe su-energy group» АҚ-ның Бас директоры Қуандық Жақсылықұлы Қасымов табыстады. Ұжым атынан Бас директорға техникалық жабдықтау мәселелеріне жіті көңіл бөліп, стратегиялық көзқарас танытқаны және мамандардың жұмысын жеңілдетуге бағытталған бастамалары үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Әрбір табысталған көлік – бұл тек тасымалдау құралы ғана емес, қаладағы жылу және су жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін жүйенің маңызды бөлігі.

Бөлісу: