12.12.2025
Жылу мәселелері бойынша өтініш
Біздің Telegram-чатымызға t Гришина көшесі 70/2 мекенжайы бойынша жылу алу мәселесіне қатысты өтініш түсті.
«Aqtobe su-energy group» АҚ мамандары келіп түскен хабарға жедел әрекет етіп, көрсетілген мекенжайға барып, жағдайды тексерді.
Тексеру нәтижесінде, жағдайдың жеке сипатқа ие екені анықталды — үйге жылу беру толық көлемде жүзеге асырылып жатыр.
Мамандар келесі жұмыстарды орындауды ұсынды:
• басқару торабы мен ыстық су жүйесін реттеу;
• лайұстағышты шаю және тазалау;
• жүйенің жоғарғы нүктелерінен ауаны шығару;
• батареяның балконға шығарылғанын ескеру — бұл фактор да айналымға әсер етеді.
Аталған мәселелер жылудың біркелкі жүрмеуіне себеп болған.
Аталған мәселелер жылудың біркелкі жүрмеуіне себеп болған.
