17.01.2026
Гришина көшесіндегі №72B үй тұрғындарының үндеуі
Гришина көшесі, 72Б үйінің тұрғындарының өтініші бойынша «Aqtobe su-energy group» АҚ инспекторлары жертөле мен бірқатар пәтерлерге тексеру жүргізді.
Тексеру барысында жылу беру жүйесінің штаттық режимде жұмыс істеп тұрғаны және жылу тасымалдағыштың температуралық көрсеткіштері белгіленген нормативтерге толық сәйкес келетіні анықталды.
Сонымен қатар бірнеше пәтерде ішкі ауа температурасы өлшеніп, барлық тексерілген тұрғын үй-жайларда температуралық режимнің нормаларға сәйкес екені расталды.
Үйге дейінгі жылу беру желілерінде ақаулар немесе техникалық бұзушылықтар анықталған жоқ. Жылу энергиясы тұрғын үйге тұрақты және толық көлемде жеткізіліп отыр.