Күзгі тазалық күні

Image

Күзгі тазалық күні

Бүгін К.Нокин даңғылы бойында «Таза Қазақстан» акциясы аясында күзгі сенбілік ұйымдастырылып, қала аумағы мен жағалау бойы қоқыстан тазартылды. Қатысушылар тұрмыстық қалдықтарды, қураған бұталарды, пластик пен шыны бөтелкелерді жинап, айналаны абаттандыруға үлес қосты.

Мекеме мамандары мен еріктілердің белсенді қатысуы – ортақ үйімізді, яғни қаламызды таза ұстауға деген жауапкершіліктің айқын көрінісі. Бұл шара тек тазалық жұмыстары ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға деген жанашырлық пен қоғамға деген қамқорлықтың белгісі болды.

Барша ақтөбеліктерді осындай сенбіліктерге белсене қатысуға шақырамыз. Қаламызды көркейту – әрбіріміздің азаматтық борышымыз. Таза әрі жайлы Ақтөбе – болашақ ұрпаққа қалдырар аманатымыз.

Бөлісу: