Жылу желілерінің учаскесін беру

Image

Жылу желілерінің учаскесін беру

К.Нокин ауылындағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз етудің сапасын арттыру және инженерлік желілердің тозуын азайту мақсатында «Aqtobe Su-Energy Group» АҚ колледж аумағындағы жылу трассасын сыртқа шығару жұмыстарын жүргізді. Жоба аясында диаметрі 159 мм болатын 60 метр және 89 мм болатын 80 метр құбырлар заманауи талаптарға сай жаңа құбырларға ауыстырылды.

Жылу трассасының оқу орны аумағынан тыс жерге ауыстырылуы нысан ішіндегі қозғалыс қауіпсіздігін арттырып, жылу жүйесінің тиімділігін жақсартуға мүмкіндік берді. Жер қазу жұмыстары аяқталған соң, колледж аумағы қалпына келтіріліп, абаттандыру шаралары толық жүргізілді.

«Aqtobe Su-Energy Group» АҚ алдағы уақытта да инженерлік желілерді жаңарту және өңір тұрғындарына көрсетілетін коммуналдық қызмет сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді.

Бөлісу: