Жоспарлы жұмыс

Image

Жоспарлы жұмыс

«Aqtobe su-energy group» АҚ инвестициялық бағдарламасы аясында №2 желілік ауданға тиесілі 8 нысанда жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда.

Қазіргі уақытта А. Молдағұлова даңғылы, 47/1 мекенжайында орналасқан жылу трассасын ауыстыру жұмыстары басталды.
Жұмыстарды «Влад» ЖШС мердігер ұйымы жүзеге асыруда. Жоба аясында 260 метр жылу желісі жаңартылады.

Осыған байланысты 2025 жылғы 28 шілде мен 6 тамыз аралығында келесі мекенжайлар бойынша уақытша ыстық су беру шектелетінін хабарлаймыз:
Ә. Молдағұлова даңғылы, 47/1 және 45/1.

Жөндеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін аумақ абаттандырылып, бастапқы күйіне келтіріледі.

Бөлісу: