28.12.2025
Мекеме мамандарына Қарғалы тұрғын алабы, 10/27 мекенжайы бойынша жылу алу мәселесіне қатысты өтініш түсті.
«Aqtobe su-energy group» АҚ мамандары аталған өтініш негізінде жағдайды тексеру үшін оқиға орнына жедел түрде шықты.
Тексеру нәтижесінде үйге жылу толық көлемде беріліп отырғаны анықталды. Мамандар жылу алмастырғыштағы жылу реттеу торабы мен ыстық су жүйесіне тексеру жүргізді. Тексеру сәтінде сыртқы ауа температурасы –13°C, пәтер ішіндегі бөлме температурасы 25–26,6°C аралығында тіркелді. Жылу алмастырғышқа дейінгі жылу тасымалдағыш температурасы 75°C, кері қайтарым (обратка) — 60°C. Бірнеше пәтерде өлшеу жүргізіліп, барлық көрсеткіштер нормативке сәйкес екені расталды.
Мекеме мамандары тұрғындардан келіп түскен барлық өтініштерді бақылауда ұстап, әрбір шағым бойынша тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп келеді.
