Керей хан көшесінде су құбырлары жаңартылуда

Image

Керей хан көшесінде су құбырлары жаңартылуда

«Aqtobe su-energy group» АҚ инвестициялық бағдарламасы аясында М. Өтеміс көшесінен Шернияз көшесіне дейінгі аралықта ескірген шойын су құбыры заманауи диаметрі 160 мм полиэтилен құбырына ауыстырылуда.

Жалпы ұзындығы 800 метрді құрайтын бұл жұмыс инженерлік желілердің тозуын азайту және тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстары белгіленген кесте бойынша атқарылып, аяқталған соң абаттандыру толығымен қалпына келтіріледі.

Бөлісу: