Жылыту маусымына дайындық

Image

Жылыту маусымына дайындық

“Aqtobe su-energy group” АҚ мамандары жылыту маусымына дайындықты белсенді түрде жалғастыруда.

Мекеме мамандары өз күштерімен 67 нысанда жалпы ұзындығы 3000 метрге жуық құбыр ауыстырды. Қазіргі уақытта жұмыстар Мәңгілік Ел, 10; Ливенцов, 9; Тілеу батыр, 6А; Ағ.Жұбановтар, 296 және Ә.Молдағұлова даңғылы, 12 мекенжайлары бойынша жүргізілуде.

Бұл іс-шаралар инженерлік желілердің тозуын азайтуға және жылумен жабдықтау сапасын жақсартуға арналған. Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін біздің қызметкерлер аулаларыңызда абаттандыру жұмыстарын жүргізеді.

Жөндеу жұмыстары кезінде шыдамдылық пен түсіністік танытқандарыңызға алғыс айтамыз және уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Бұл күш-жігердің барлығы сіз және сіздің отбасыларыңыз үшін қауіпсіз және жайлы жағдай жасауға бағытталған.

Бөлісу: