Жылыту маусымына дайындық

Image

Жылыту маусымына дайындық

“Aqtobe su-energy group” АҚ жылыту маусымына дайындықты белсенді түрде жалғастыруда.

Қазіргі уақытта Ә.Молдағұлова даңғылындағы жылу желісін ауыстыру жұмыстары аяқталды. Мекеме мамандары ескі жылу желісін жаңасына, ыстық сумен жабдықтауды тоқтатпай, өз күштерімен ауыстырды.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін учаскені абаттандыру толығымен қалпына келтірілді: 100 шаршы метрден астам аумаққа асфальт төселді, тас төсеніштері қайта қалпына келтіріліп, жаңа жиектер орнатылды.

Біз барлық абоненттерімізге сенімді және үздіксіз жылумен қамтамасыз ету үшін қаланың басқа учаскелерінде жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жалғастырудамыз. Осы маңызды жұмыстарды орындау кезінде түсіністік пен қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс білдіреміз!

Бөлісу: