21.07.2025
Алдағы жылыту маусымына дайындық
Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Бөгенбай батыр көшесі, 133Н мекенжайындағы нысанда жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«Aqtobe su-energy group» АҚ мамандары қазандықты қысқа дайындау бойынша техникалық іс-шаралардың толық кешенін жүзеге асыруда. Бұл – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.
Жөндеу жұмыстары аясында жабдықтарға тексеру жүргізіліп, тозығы жеткен бөліктер ауыстырылуда, жүйе қайта реттелуде. Барлық жұмыстар белгіленген кесте бойынша және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сай жүргізіліп жатыр.
Қазандықты толықтай дайындау – жылу беру маусымын уақытылы бастап, тұтынушыларды тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.