Жасыл жерлерді суару
Ақтөбе қаласын сумен жабдықтау 5 негізгі су бастоғанымен және 30 жергілікті су алғыштардың жер асты сулары есебінен жүзеге асырылады. Жылдың жаз мезгілінде “Aqtobe su-energy group” АҚ-ның барлық су тоғандарының үздіксіз жұмыс істеп тұрғанына қарамастан, жеке үй бау-бақшалары мен жасыл желектерді суару салдарынан су мөлшерінің шамадан тыс тұтыну фактілері артып келеді.
Ақтөбе қаласында сумен жабдықтаудың үзілуін болдырмау мақсатында біздің кәсіпорын тұрғындарға жасыл желектерді суару үшін (ұңғыма бұрғылау және техникалық суды пайдалану) сумен жабдықтаудың балама көздерін іздеу бойынша ұсыныстар беруде. Бұл біздің кәсіпорын тарапынан мәжбүрлі шара.
ҚР Су кодексінің №72-бабының 13-тармағына сәйкес су пайдаланушылар ауыз сумен жабдықтауға қатысты емес мақсаттарға ауыз жерасты суларын пайдалануға жол бермеуге міндетті. Су ресурстарын ұтымды пайдалану үшін, олардың шектеулілігін ескере отырып, суару үшін ауыз суды пайдалануға жол берілмейді.
Осыған байланысты Ақтөбе қаласында бау-бақшаларды және жасыл желектерді суаруға тек суды есепке алу аспабы болған кезде және 2025 жылдың 5 мамырынан бастап 31 тамызына дейін күн сайын сағат 23:00-ден 5:00-ге дейін белгіленген сағаттарда ғана рұқсат етіледі. Жасыл желектерді су есептегіш аспабынсыз немесе ол үшін белгіленбеген сағаттарда суаруды ұйымдастырған жағдайда, абоненттер біздің кәсіпорынның қызметтерін алу мүмкіндігінен айырылуға дейін жазаға тартылады.
Кешкі уақытта “Aqtobe su-energy group” АҚ мобильді бригадалары бұзушылықтарды анықтау бойынша жеке секторды аралауды жүзеге асыратын болады.