Қыркүйектің соңғы жексенбісі - Қазақстанда Еңбек күні.

Image

Қыркүйектің соңғы жексенбісі - Қазақстанда Еңбек күні.

Қыркүйектің соңғы жексенбісі - Қазақстанда Еңбек күні. Осы мерекеге орай қала әкімі Азамат Бекет өмір жолын жұмысшы мамандықтарға арнаған бірқатар еңбек ардагерлерін үйлеріне құттықтап барды.

Солардың бірі - коммуналдық саланың зейнеткері Айтпай Дауылбаев. Жасы 70-ке қарған Айтпай аға 1979 жылдан бастап еңбек жолын коммуналдық қызметке арнаған. Ол “Жылуэнергия”, “Трансэнерго”, “Ақтөбе су энерджи” мекемелерінде жұмыс істеді.

«Сіз өміріңіздің көп бөлігін ең қиын сала - коммуналдық қызметке қалаға жылу беру ісіне арнадыңыз. Тоқсаныншы жылдардың тоқырау кезеңінде де, одан беріде де Сіз қаланы жылумен үздіксіз қамтуға жауапты болған мамандардың бірі болдыңыз. Сіздің еңбек жолыңызды балаларыңыз жалғастырып жатыр. Сізді олар мақтаныш тұтады, ал біз үлгі аламыз. Бұл - үлкен мәртебе. Біз қала тұрғындарының атынан Еңбек күнімен құттықтаймыз. Биыл әрі Президентіміз жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы. Сізге алғысымыз шексіз», - деді Азамат Бекет.

Бөлісу: