Жылу мәселесі бойынша ақпарат алынды

Image

Жылу мәселесі бойынша ақпарат алынды

”Aqtobe su-energy group” АҚ телеграм чатына Ағ. Жұбановтар көшесі, 257/1 мекенжайы бойынша жылумен қамтамасыз етілуден мәселе туындағаны туралы ақпарат келіп түсті.

Біздің кәсіпорынның мамандары өтінішке жедел ден қойып, берілген ақпаратты тексеру жұмысын жүргізді.

Тексеру қорытындысы бойынша жағдайдың жеке сипатта екендігі анықталды. Үйге жылумен жабдықтау толық көлемде беріледі. Алайда, №421 пәтерде бұзушылықтар анықталды: үйге ортақ жылыту тік ажыратқышы бар құбыр кесілген, бұл жылу ағынына теріс әсер етеді.

Пәтер иесіне толыққанды жылытуды қалпына келтіру үшін бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар берілді.

Бөлісу: