Электр бағандарының зақымдануы

Image

Электр бағандарының зақымдануы

Су тасқыны нәтижесінде мекеме теңгеріміндегі Елек бастоғанының оң жағалауында орналасқан электр бағаналары сумен шайылып, құлаған болатын. Оң жағалаудағы электр қуатының зақымдалуына байланысты ұңғымалардың жұмысын тоқтап қалуын болдырмау үшін мекеме мамандары дизельді электр станциясын пайдаланған болатын.

Қазіргі уақытта біздің энергетиктер су тасқынынан кейін тіректерді қалпына келтіру жұмыстарын аяқтауда. Нәтижесінде 12 тірек сәтті қалпына келтірілді.

Бұл процесс барысында коммуналдық қызметтерді жеткізу үзілмегенін ескеру маңызды. Біздің мамандар барлық абоненттеріміз үшін жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, алдыңғы қатарда күшейтілген режимде жұмыс істеуді жалғастыруда.

Бөлісу: