Қайта тексеру
Біздің кәсіпорынның мамандары Есет батыр көшесі, 109/2 мекенжайы бойынша қайта тексеру жұмысын жүргізді.
Жертөледе элеваторлық тораптан кейінгі жылыту құбырлары тікелей қосылған, қажетті өткелдер, клапандар және стандартты құбыр диаметрлері ескерілмеген. Мұндай қосылу әдісі жүйенің гидравликалық теңгерімін, жылу айналымын бұзады және пәтерлер арасында жылудың біркелкі бөлінбеуіне әкеледі. Бұл қатаң бұзушылық.
Бірнеше пәтерде де жеке ақаулар анықталды: радиаторларды балконға шығару, қосымша радиаторлардың болуы, құбырдағы вентильдердің жабық болуы және жылыту жүйелерінде әртүрлі материалдар қолданған.
Үйге жылу толық көлемде беріліп жатыр. Пәтер иелеріне және «НАЗАР-3» ПИК өкіліне толыққанды жылытуды қалпына келтіру үшін бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар берілді және мерзімдер белгіленді.