Конституция күніне арналған мерекелік іс-шара

Image

Конституция күніне арналған мерекелік іс-шара

«Aqtobe su-energy group» АҚ Конституция күніне орай мерекелік шара өткізді

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын «Aqtobe su-energy group» акционерлік қоғамында өтті. Биыл бұл мереке өзінің 30 жылдық мерейтойымен айрықша мәнге ие болып отыр.

Мекеме бас директоры Нағымжан Смағұлұлы Алдияров әріптестерін мемлекеттік мерекемен құттықтап, Конституцияның ел тұрақтылығының, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі екендігін атап өтті. Сондай-ақ ол қызметкерлердің адал еңбегінің арқасында кәсіпорын өз миссиясын абыроймен атқарып келе жатқанын жеткізді.

Осыған орай бас директор мен кәсіподақ әкімшілігі ұйымға 30 жылдан астам өмірін арнап, адал қызмет еткен 30 қызметкерге алғыс хаттар мен санаторий-курорттық емдеуге жолдамалар табыстады. Олар кәсіпорын дамуына және қала тұрғындарының игілігіне сүбелі үлес қосып, кәсібіне деген адалдығымен үлгі бола білді.
Шара соңында басшылық барша қызметкерлерге мықты денсаулық, отбасылық амандық және туған қаламыз бен еліміздің игілігі үшін еңбекте толағай табыстар тіледі.

Бөлісу: