Еңбекке деген адалдық пен құрмет

Image

Еңбекке деген адалдық пен құрмет

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында кәсіпорынның нәзік жандарына ерекше құрмет көрсетілді. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров пен Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет сала дамуына сүбелі үлес қосып жүрген ханымдарға алғыс хаттарын табыстады.

Марапат иегерлері – өз ісінің нағыз шеберлері, еңбек жолында 10 жылдан 40 жылға дейінгі тәжірибесі бар білікті мамандар. Бұл марапат – олардың көп жылғы адал еңбегінің, кәсіби біліктілігінің және өз ісіне деген зор жауапкершілігінің жарқын дәлелі. Кәсіпорын дамуы мен тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуде аянбай еңбек етіп жүрген әрбір маман лайықты құрметке ие. Әйел-аналардың мейірімі мен даналығы, табандылығы мен іскерлігі қоғамымыздың дамуына тың серпін беріп, болашаққа нық қадам басуымызға негіз болары сөзсіз.

Бөлісу: