Өтініштер бойынша тексерулер жалғасуда

Image

Өтініштер бойынша тексерулер жалғасуда

“Aqtobe su-energy group” АҚ тұрғындардың жылудың жеткіліксіздігі туралы келіп түскен барлық өтініштері бойынша тексерулер жалғасып жатқанын хабарлайды. Ұйым мамандары жедел әрекет етіп, жертөлелерді тексеріп, үй ішіндегі жылу жүйелеріндегі қысым мен температураны реттеуге көмектесуде.

Жылумен жабдықтау жүйесі штаттық режимде жұмыс істейтінін және ұйым тарапынан жылумен жабдықтау үздіксіз берілетінін атап өту маңызды. Мәселелер негізінен үйлердің жылу маусымына ішкі дайындығынан немесе ғимараттардың жылу жүйелеріндегі ақаулардан туындайды.

Естеріңізге сала кетейік, WhatsApp арқылы өтініштер қабылданады, сондай-ақ тәулік бойы жұмыс істейтін апаттық-диспетчерлік қызмет 740-444 нөмірі бойынша қолжетімді. Сіз бізбен Telegram-чаты және Instagram парақшасы @aqtobesu арқылы байланыса аласыз.

Бөлісу: